Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облыстық ҚАЖД мекемесінде «Ашық есік күні» іс-шарасы ұйымдастырылды

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2023 жылғы 29 желтоқсандағы №1233 қаулысымен бекітілген Қоғамдық қауіпсіздікті қоғаммен әріптестік жасап қамтамасыз етудің 2024–2028 жылдарға арналған тұжырымдамасында көрсетілген талаптарға сәйкес және 2023-2025 жылдарға арналған Жол картасы тармақтарында көрсетілген сотталғандардың мекемелерде жұмыспен қамтылу көрсеткіштерін жақсарту мақсатында Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД-ға қарасты №8 мекемеде «Ашық есік күні» іс-шарасы ұйымдастырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Аталмыш іс-шараға ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Бакытжан Илюпов, Ақтөбе облыстық прокуратурасы басқармасының бастығы Ернар Урекешев, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының бас маманы Лейла Есалиева, облыстық кәсіпкерлік басқармасының орынбасары Айбек Айтжанов және «Ақтөбе облысы бойынша Еңбек мобильдігі орталығы директорының орынбасары Әлхан Жалмырзаұлы қатысты.

Сонымен қатар бұл іс-шараға жаңадан келген жеке кәсіпкерлер қатысып, мекеменің өндірістік аймағында шығарылып жатқан өндіріспен және бос ғимараттармен танысты.

Іс-шараның қатысушылары мекеменің аумағында орналасқан ТБУ (темір-бетон учаскесін), тігін цехтерді, ағаш өндіру, механикалық цехті және басқа да өндірістік объектілерді аралап, «Еңбек-Жайық» республикалық мемлекеттік кәсіпорынмен бірлесіп қызмет ететін жеке кәсіпкерлермен кездесіп, барлық айтылған мәселені талқылады.

ҚАЖ департаментінің сотталғандардың еңбегін ұйымдастыру тобының бас маманы Гүлнәр Избагамбетованың айтуынша, негізгі мақсат -жұмыс жасайтын сотталғандардың пайызын көтеру тұрғысында мекеменің өндіріс аймағындағы үй-жайларға шағын және орта бизнес өкілдерін тарту, еңбекке жарамды сотталғандарды ақылы еңбекке орналастыру.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру