Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қырағы ұландықтар елорда тұрғындарына көмектесті

Елордалық ұландықтар қырағылық танытып, тұрғындарға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

27 ақпан сағат 20:20 шамасында Сарыарқа ауданында қоғамдық тәртіпті сақтау жөніндегі патрульдік-бекеттік қызметті атқару кезінде Ұлттық ұланның әскери жасағына әйел адам баласын таба алмай қалғанын айтып, көмек сұрады.

Әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Георгий Лебакин мен қатардағы жауынгерлер Бекболат Ескендір және Арсен Қази бұл оқиға туралы дереу патрульдік топ бастығына баяндап, жақын маңдағы жасақтарды хабардар етті.

Аз ғана уақыт ішінде әскери жасақтың көмегімен төрт жасар бала аман-есен табылып, ұландықтар балақайды анасына тапсырды. Қуанған ана ұландықтардың қызметіне сәттілік тілеп, олардың жедел әрі жауапты әрекеттері үшін алғыс білдіріп, бөлім командирінің атына алғыс хат жазды.

Екінші жағдай сол күні сағат 20:30 шамасында болды. Әскери жасақ бастығы қатардағы жауынгер Біржан Жақсылықов пен патрульдік қатардағы жауынгерлер Бақдәулет Асылхан мен Әлішер Махмет құрамындағы әскери жасақ патрульдеу бағытында IPhone 14 телефонын тауып алды. Бұл жағдай туралы байланыс құралдары арқылы әскери жасақ бастығына баяндалды.

– Біз іздеуді бастағаннан кейін телефонға смартфон иесінен қоңырау түсті. Кейін ол телефон табылған жерге келді. Әңгіме барысында біз смартфонның осы жас жігітке тиесілі екеніне көз жеткізіп, оны иесіне қайтардық, – дейді әскери жасақ бастығы, қатардағы жауынгер Біржан Жақсылықов.

Осыдан кейін жас жігіт сарбаздарға қырағы және адал қызмет еткені үшін алғыс айтты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру