Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінде көшпелі отырыс өтті
Ақтөбе облысы прокурорының бірінші орынбасары Талғат Әлібаевтың төрағалығымен Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті 70 мекемесі жеке құрамымен көшпелі отырысы өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жиынға Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілі Аққалқа Байдуллина, Ұлттық алдын алу тетігінің төрағасы Гульнур Идегеева, Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Руслан Уразбаев қатысты. Онда азаптаулардың алдын алу мәселелері қарастырылды.
Шара барысында ғимараттарды техникалық жарақтандыру, сондай-ақ оларды жеткізу кезінде азаматтардың конституциялық құқықтарын қамтамасыз ету, сондай-ақ тергеу әрекеттерін жүргізу мәселелері талқыланды.
Үйлестіру кеңесі отырысының қорытындысы бойынша шоғырландырылған жиынтық шешімдер әзірлеп, орын алған кемшіліктерді жою бойынша нақты ұсыныстар берді.