Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұландық жауынгерлер батыс өңірінде су тасқынына қарсы қызмет атқарып жатыр

Ұландық жауынгерлер батыс өңірінде су тасқынына қарсы қызмет атқарып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазіргі таңда елімізде болып жатқан төтенше жағдайға байланысты Батыс Қазақстан облысы мен Атырау облысында жағдай өте күрделі. Осыған орай, су тасқынының екінші толқынына қарсы іс-шараларға еліміздің төтенше жағдай қызметкерлері мен қатар әскери құрылымдар оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының жауынгерлері де жұмылдырылған болатын.

Атап айтар болсақ, қазіргі таңда Батыс Қазақстан және Атырау облысына Қызылорда, Шымкент, Қарағанды қалаларынан мыңға жуық Ұлттық ұлан қызметшілері жіберілген болатын. Солардың бірі Шымкент қаласындағы Ұлттық ұланның 6506 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жүрген қатардағы Набиғазы Мақсат. Сарбаз үшін қаптың ауырлығы емес, ел алдындағы жауапкершіліктің жүгі маңызды.

-Біз еліміздің батыс аумағында болып жатқан табиғи апатты естіген сәттен бастап жолға шыққан болатынбыз. Қазіргі уақытта осы аймақтағы бөгеттер тұрғызу жұмыстары мен қатар үйлерін су басқан тұрғындарды эвакуациялау жұмыстарымен шұғылданудамыз. Қазіргі таңда біз бұл табиғи апаттың екінші толқынының алдын алу үшін бар күшімізді салудамыз- дейді Мақсат Махмутұлы.

Естеріңізге сала кетейік, бүгінде Батыс Қазақстан облысы мен Атырау облысының тұрғындары су тасқынының екінші толқының күтуде құм толтырылған қаптардан бөгеттер салып қамдануда. Сонымен қатар бүгінгі таңда аталмыш аймақтарды 2 мыңға жуық ұландықтар қызмет атқарып жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру