Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавлда учаскелік полиция инспекторы қыз баланың өмірін сақтап қалды

Учаскелік полиция инспекторы Петропавл көшесінде қырағылық көрсетіп, қыз баланың өмірін сақтап қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

11 сәуір күні полиция қызметкері Нұрбек Қайыров қалалық полиция басқармасына келе жатады. К.Сүтішев пен М.Жұмабаев көшелерінің қиылысындағы бағдаршамның жасыл түсі жанған кезде Mitsubishi көлік жүргізушісінің орнынан қозғалмай тұрғанына назар аударды. Полицей көлікке жақындаған кезде рөлде отырған қыз балада эпилептикалық белгілердің басталғанын байқады. Учаскелік полиция инспекторы алғашқы медициналық көмекті шұғыл түрде көрсете бастады: басының астына жастық пен өзінің сыртқы киімін қойып, өмірін құтқаруға бағытталған шаралар жасай бастады. Жедел жәрдем бригадасы келген кезде қыз бала есін жиып үлгерді.

– Қызметімде ұқсас жағдайларға бұған дейін де тап болатынмын. Сол себептен де қалай әрекет ету керектігі туралы білдім, – деді Нұрбек Қайыров.

Қыз баланың айтуынша, мұндай жағдай алғаш рет болған, полиция қызметкерінің қырағылығы мен дереу әрекет етуінің нәтижесінде оның өміріне төнген қауіп артта қалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру