Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысы ПД бастығы гарнизондық тарату өткізді

Ақтөбе облысы ПД бастығы гарнизондық тарату өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атығай Арыстанов патрульдік полиция батальоны, жергілікті полиция қызметі қызметкерлерінің және учаскелік инспекторлардың қызмет атқаруға дайындығын тексеріп, басымдықтарды белгіледі. Сонымен қатар әрбір патрульдік жасақ өз учаскесінде қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың алдын алуға, сондай-ақ ЖКО-ға жол бермеуге жауап беретінін атап өтті. Сондай-ақ полицейлердің барлық іс-әрекеттерін тіркейтін бейнетіркегіштердің болуының маңыздылығына назар аударды.

Сонымен қатар, Атығай Арыстанов жеке құрамды ағымдағы жылдың 11 желтоқсанында басталып, 13 желтоқсанына дейін жалғасатын “Құқықтық тәртіп” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасын сапалы өткізуге бағыттады.

Сондықтан, бірінші кезекте учаскелік инспекторларға жұмысты күшейту қажет. А.Арыстанов азаматтармен сыпайы және әдепті қарым-қатынас орнатылуына да ерекше назар аударды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру