Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысы ПД қарулы қылмыскерлер тобының қолынан қаза тапқан полицейдің отбасына барды

Ақтөбе облысы ПД қарулы қылмыскерлер тобының қолынан қаза тапқан полицейдің отбасына барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында 14 желтоқсан күні Ақтөбе облысы ПД бастығының м.а. Қанат Алиев қаза тапқан полиция қызметкері А.Боранбаевтың отбасына барды.

Айдос Боранбаев 2011 жылы қарулы қылмыскерлер тобының қолынан қаза тапты. Сол күні Mitsubishi Delica автокөлігімен белгісіз адамдар қызметтік көліктегі полицейлерге оқ жаудырып, қылмыс орнынан қашып кеткен. Полиция аға сержанты А.Боранбаев пен полиция сержанты  Н.Алпысбай алған оқ жарақатынан оқиға орнында көз жұмды.

Қызметтік және әскери борышын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету кезінде көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Темір ауданы ІІБ патрульдік полиция тобының полиция аға сержанты Айдос Сартайұлы Боранбаев ІІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталды (қайтыс болғаннан кейін).

Қанат Алиев өз кезегінде отбасы мүшелеріне мықты денсаулық пен бақ-береке тіледі.

Қонақтарды шығарып салып, қаза тапқан полиция сержанты Айдос Боранбаевтың әйелі көзіне жас алып, жолдасымен өткізген бақытты сәттерді еске алды. Бибігүл Түкбаева Полиция департаментінің басшылығына көрсеткен қолдауы мен қайтыс болған жолдасын еске алып, көңіл бөлгені үшін ризашылығын білдірді.

Қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасыларын қолдау мақсатында материалдық көмек көрсететін қор құрылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру