Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысы ПД-нің мұражайына Ұлттық жаңғыру мектебінің тәрбиеленушілері барды

Павлодар облысы ПД-нің мұражайына Ұлттық жаңғыру мектебінің тәрбиеленушілері барды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында Павлодар облысы Полиция департаментінің мұражайына Қанат Даржұман атындағы Ұлттық жаңғыру мектебінің тәрбиеленушілері келді.

– Бұл мереке мемлекетіміздің бостандығы мен тәуелсіздігінің нышаны болып саналады. Елбасының адал саясатының және жас мемлекет құрып, еңбек еткендердің бәрінің арқасында біз бүгін еркін әрі бейбіт елде өмір сүріп жатырмыз. Жас кездеріңнен бастап сендер өз еліңнің патриоты және Отанымыздың лайықты ұрпақтары болатындарыңа сенімдімін, – ПД бастығының орынбасары Жандос Орынбаев:

Жандос Орынбаев мектеп басшылығына өскелең ұрпақты патриоттық рухта және жоғары рухани-адамгершілік қасиеттерге тәрбиелеудегі ынтымақтастық үшін алғысын білдірді.

Ардагерлер ұйымының төрағасы Бақберді Абраев та оқушыларды келе жатқан мерекемен құттықтады.

Түрлі этностардың ұлттық киімдеріндегі диаспоралардың кішкентай өкілдері Қазақстан халқының бірлігі, келісімі мен достығына арналған өлеңдер оқыды.

Айта кетейік, барлық балалар – «Бірлігі жарасқан Қазақстан» көркемсөз оқу байқауының жеңімпаздары. Ең жас қонақ – 5 жасар Люба Головчук Елбасы туралы өлең оқып берді.

Сондай-ақ қосымша білім беру мұғалімі Марина Ершованың жетекшілігімен «Бельканто» балалар вокалды-хор студиясы Отан, қазақ жері және көркем бай табиғаты туралы әндер орындады.
Осындай орындаулардан кейін қатысушылардың ешқайсысы бей-жай қалмады. Алғыс ретінде мұражайға келген жас қонақтарға тәттілер таратылды.

Іс-шара соңында Полиция департаментінің тарих және әскери даңқ мұражайының меңгерушісі Бақытжамал Иманханова Қазақстан полициясының тарихы мен қалыптасуы туралы шолу экскурсиясын өткізді. Балалар үлкен қызығушылықпен тыңдады және әңгімелер қоймасын мұқият қарап, сұрақтар қойды.

 – Мектеп тәрбиеленушілері бұл мұражайға алғаш рет келіп тұрған жоқ. Балалар полицияның қалыптасу тарихынан, әдемі экспонаттардан және тарихи құжаттардан шабыт алады, көбісі өз өмірлерін полиция қызметімен байланыстыруға бел буды. Бұл қуантады, өйткені осылайша ұрпақтар сабақтастығы сақталады, – деп атап өтті директордың оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Әлия Сағатова

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру