Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында 4 күн ішінде 32 мас жүргізуші анықталды

Ақтөбе облысында төрт күн ішінде 32 мас жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел жағдайды тұрақтандыру, тиісті қоғамдық тәртіпті сақтау, көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда қылмыстың алдын алу, жолын кесу мақсатында ағымдағы жылғы 05-11 желтоқсан аралығында облыс аумағында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өткізіледі. «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу іс-шарасының төрт күнінде 1 133 жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі анықталды. Оның ішінде мас күйінде автокөлікті басқарудың 32, қарсы жолға шығудың 31 дерегі, белгіленген қозғалыс жылдамдығын шамадан тыс асырудың  276 дерегі, жүргізуші  артықшылық бермеген 117 және жаяу жүргінші жүріс бөлігінен өту ережелерін бұзудың 677 дерегі анықталды.

ЖКО талдауына сәйкес және тұрғындардың өтініші бойынша 39 жол белгісі орнатылды. Сонымен қатар Бөкенбай батыр көшесі бойындағы №72 мектептің жанында жаяу жүргіншілерге арналған шам қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру