Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Степногорск қаласында пәтерден 57 жастағы тұрғынның мәйіті табылды

Степногорск қаласында пәтерден 57 жастағы тұрғынның мәйіті табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

6 желтоқсанда Степногорск қаласындағы көпқабатты тұрғын үй пәтерлерінің бірінен көптеген дене жарақаттарымен және шаншу-кесу жарақаты бар ер адамның мәйіті табылды.

Оқиға орнына дереу келген жедел-тергеу тобы марқұмның жеке басын анықтады – ол 57 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Қылмыстың куәгерлерін анықтау мақсатында полиция қызметкерлері көрші үйлерді аралап, қылмыс жасалған ауданда орналасқан бейнебақылау камераларының жазбаларын зерттеді. Бейнекамераларға кісі өлтірген күні қайтыс болған адамның кіреберісінен киімінде және қолында қан іздері бар адам шыққаны жазылып қалған.

Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол бұрын ҚК 106-бабы 3-бөлігі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған Қарағанды облысының 35 жастағы тұрғыны болып шықты. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Ер адам мойындап, ішімдік ішу кезінде олардың арасында жанжал туындап, оның нәтижесі кісі өлтіру болғанын айтты.

Аталған факт ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлігі (Адам өлтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізілімінде тіркелген. Күдікті қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру