Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында ауылдасының малын ұрлаған азамат ұсталды

Әйтеке би ауданында тамыз айында жасалған мал ұрлығы ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

15 тамызда Әйтеке би ауданының Сарат ауылынан 18 шақырым жердегі жайылымнан аудан тұрғынының бұқасы ұрланған.

Шығын көлемі 300 мың теңгені құрады.

Мал ұрлығын ашу бойынша іс-шаралар кешенін өткізу  барысында жергілікті полиция бөлімінің қызметкерлері осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен жәбірленушінің 44 жастағы ауылдасын анықтап, ұстады.

Күдікті жасаған қылмысын мойындады.

Мал ұрлығы дерегі бойынша ҚР ҚК 188-1 – бабымен сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Жауап қалдыру