Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қостанайлық полицейлер қысқы киім үлгісіне көшті

Қостанайлық полицейлер қысқы киім үлгісіне көшірілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай қаласының  ПБ патрульдік полиция батальонының қызметкерлері арасында дәстүрлі саптық байқау өтті.

Жыл сайын саптық байқау Қостанай гарнизонының барлық жеке құрамының қатысуымен ауқымды түрде ұйымдастырылатын. Бұл жолы шектеу шараларына байланысты байқау бөлімшелер бойынша өткізіледі.

Батальон басшылығы жеке құрамның нысанды киім-кешегі мен жетондарының жай-күйін, қызметтік куәліктердің сәйкестігін, тәртіп сақшыларының сыртқы келбетін тексерді.

“Полиция қызметкерлерінің сыртқы келбеті, ұқыптылығы, азаматтарға сыпайы қарым-қатынасы – полиция қызметкерінің визит карточкасы секілді. Әрбір полицей нысанды киім кию ережелерін сақтауы, сондай-ақ заңнаманы білуі тиіс. Заң өкілінің сыртқы келбетіне, оның саптық түзелуіне және мінез-құлқына қарай азаматтардың полиция туралы ойы қалыптасады”, – деп атап өтті батальон командирі Ербол Мұхаметжанов

Жоспарлы саптық байқаулар жылына екі рет өткізіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру