Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Адамдарды қар құрсауынан құтқарған полицейлер құрметке бөленді

Азаматтық қорғаныс қызметінің 25 жылдығына орай 40-тан астам адамды қар құрсауынан құтқарған екі полиция қызметкері марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бұл оқиға 2020 жылдың ақпан айында болған. Ақпанның ақ түте боранды күндерінің бірінде Әулиекөл-Жалдама жолын қалың қар басып, бірнеше көлік жолда қалған.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызметте жүрген полицейлер Дастан Кушпанов пен Ерғали Жанарбайға адамдардың қар құрсауында қалғаны туралы ақпарат сағат түнгі 3-тер шамасында келіп түскен.

Жігіттер дереу көмекке ұмтылған. Көз көрмейтін боранда полицейлер 20 шақырым жолды еңсеріп, қолында алты айлық сәбиі бар жас келіншекті Амангелді ауданының Амантоғай ауылына жеткізеді.

Одан әрі қыстың қаһарын елемей, қалған қырық шақты адамды құтқару жұмыстарына атсалысады.

Жуырда Азаматтық қорғаныс қызметінің 25 жылдығына орай Дастан Кушпанов пен Ерғали Жанарбай  азаматтарды қарлы бораннан құтқарғаны үшін алғыс хатпен марапатталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру