Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда карантин талаптарын бұзғандар анықталды

Түркістан полицейлері карантин талаптарын бұзған азаматтарды әкімшілік жауапкершілікке тартты, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

Түркістан облысында карантин талаптарының сақталуын бақылау бойынша күнделікті рейдтік жұмыстар жүргізілуде.

Карантин режимін сақтамаған азаматтар анықталып, оларға қатысты  әкімшілік хаттамалар толтырылып, айыппұлдар салынып жатыр.

Алайда жергілікті тұрғындар арасында шектеу шараларына қарамастан отбасылық іс-шаралар ұйымдастырып, той өткізушілер саны азаяр емес.

Мысалы, жуырда  Шымкент-Жетісай тас жолының бойында орналасқан мейрамхана иесінің  “бесік той” рәсімін өткізгені белгілі болды. Рейдтік іс-шаралар барысында тағы бір жергілікті тұрғынның дәмханалардың бірін жалға алып “құдалық” өткізіп жатқаны анықталды.

Бұдан басқа мобильді топ Құркелес ауылдық округінде жұмыс істеп жатқан тойхананы, екі бірдей “тұсау кесу” рәсімін өткізіп жатқан мейрамхананы анықтады.

Бұл фактілер бойынша жиналған материалдар шара қолдану үшін Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру