Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан полицейлері есірткі қылмыстарына қарсы күресті күшейтті

Түркістан облысында жыл басынан бері заңсыз айналымнан 4,5 грамм героин, 4 гр синтетикалық есірткі, 48 кг гашиш, 782 кг марихуана тәркіленді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері биылғы жылдың 9 айында есірткінің заңсыз айналымына қатысты 171  қылмыс және 172 қылмыстық құқық бұзушылықты анықтады.

Облыс полицейлері есірткі сатудың 55 фактісін, аса ірі көлемде есірткі сақтаудың 19 фактісін, есірткі контрабандалаудың 24 фактісін, құрамында есірткі бар өсімдіктерді заңсыз өсірудің 73 фактісін анықтады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру