Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордалық полицейлер ұрыны  қылмыс үстінде құрықтады

Қызылордада автокөліктен бөтеннің мүлкін ұрламақшы болған ұры ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 қазан  күні сағат 23:30 шамасында Қызылорда қалаcы ПБ Ақсай полиция бөлімінің қызметкерлері  “Мерседес-Бенц”  маркалы автокөлігінен ұрлық жасауға оқталған күдіктіні қолға түсірді.

Тексеру барысында  облыс тұрғынының көше бойында тұрған автокөліктің есігі ашық қалғанын байқап, автокөлік салонының ішіне кіріп, бөтеннің мүлкін ұрламақшы болғаны анықталды.

Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі және 188-бабының 3-бөлігімен (Ұрлыққа оқталу)  сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру