Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шараларды күшейтті

Сайрам ауданының тұрғыны полицейлерге алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сайрам ауданы Манкент ауылдық округі қоғамдық кеңесінің төрағасы Абдулла Эшметов Сайрам ауданының Полиция басқармасы қызметкерлерінің жұмыстарын жоғары бағалап, алғысын білдірді.

Жол-көлік оқиғаларының жиілеп кетуіне байланысты Сайрам ауданы Полиция басқармасының патрульдік полиция тобының қызметкерлері аудан аумағында қыркүйек айынан бастап көшелер мен жолдарда жол қозғалысы ережесін сақтау және жол-көлік оқиғасының алдын алуға бағытталған іс-шараларды қарқынды жүргізуде.

Рейдтің мақсаты – жол -көлік оқиғаларының алдын алу, жол апаттарын болдырмау, жаяу жүргіншілер мен көлік жүргізушілерінің мәдениетін қалыптастыру болып табылады.

Күшейтілген тәртіпте қызмет атқарған жол-патрульдік полиция тобының қызметкерлері құқық бұзушылықтарды анықтаумен бірге аудан тұрғындарына түсіндіру жұмыстарын қатар жүргізді.

Қауіпсіздік белдігін қолданбау, мас күйде көлік құралын басқару, ұялы телефон пайдалану, құжатсыз көлік құралын басқару, қарсы бағытқа шығу, маневр ережелерін бұзу фактілеріне ерекше көңіл бөлінді.

Әр ауылдық округте апта бойы тәуліктік рейдтер жүргізіліп отырды. Нәтижесінде көшелердегі жол қозғалысы тәртібі айтарлықтай ретке келді.

Мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын таба бермек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру