Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда көлік жүргізген мас әйел ұсталды

Түркістан облысының полицейлері мас күйінде көлік жүргізген азаматшаны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, әкімшілік құқық бұзушылықтардың алдын алу және жол қозғалысы қауіпсіздігін бақылау бойынша рейдтік іс-шаралар кезінде Жетісай АПБ қызметкерлері күдік тудырған “Daewoo” маркалы автокөлігін  тоқтатқан.

Жүргізушінің құжаттарын тексеру кезінде полицейлер оның мас күйінде көлік жүргізгенін анықтады.

Бұдан басқа көлік рөліндегі әйелдің 2019 жылдың қаңтар айында сот шешімімен мас күйінде көлік жүргізгені үшін 3 жыл мерзімге автокөлікті басқару құқығынан айырылғаны анықталды.

Алайда ол жүргізуші куәлігінен айырылғанына қарамастан, жол ережесін қайталап бұзып, мас күйінде көлік жүргізген.

Қазіргі уақытта күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің 346-бабының 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе осындай адамның көлік құралын басқаруына жол беру) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру