Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте шектеу шараларын елемей той өткізгендер анықталды

Еңбекші ауданында карантин талабын бұзған қоғамдық тамақтану орны анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласының аумағында қоғамдық орындарда карантин талаптарының сақталуын  мониторингілеу бойынша жұмыстар жалғасуда.

Мәселен, Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері мен мобильдік топ өкілдері Еңбекші ауданы аумағындағы қоғамдық тамақтану орындарына кезекті бақылау іс-шарасын ұйымдастырды.

Нәтижесінде қоғамдық тамақтану орнында карантин талабын бұзу, яғни отбасылық іс-шара өтіп жатқаны анықталды. Кәсіпкерлік нысан басшысы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ауданда жергілікті полиция қызметі, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бөлімі, аудан әкімдігінің мамандарынан құралған 4 мониторингілеу тобы жұмыс істейді.

Шымкент қаласының полицейлері қала тұрғындарын өзінің және өзгелердің денсаулығына немқұрайлы қарамауға, отбасылық іс-шараларды өткізбеуге және барлық санитарлық-эпидемиялық талаптарды қатаң сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру