Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте бейнебақылау камераларының көмегімен бір аптада 5 қылмыс, 1 066 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығы бейнебақылау камераларының көмегімен бір апта ішінде 5 қылмыс ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкентте бір аптада Жедел басқару орталығы бейнебақылау камераларының көмегімен ұрлық, тонау, бұзақылық сияқты бес қылмыс ашылған, бұдан басқа ұсақ бұзақылық санатындағы 1 066 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған.

Жалпы ұсақ бұзақылық санатындағы әкімшілік істерге  қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, жеке тұлғаларға қорлап тиiсу,  ортақ пайдалану орындарын, саябақтарды, скверлердi ластау, оның iшiнде белгiленбеген орындарға коммуналдық қалдықтарды тастау сияқты құқық бұзушылықтар жатады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру