Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматыда жыл басынан бері көліктердің тіркеу нөмірлерін ұрлаудың 21 фактісі тіркелген

Алматы қаласының аумағында жыл басынан бері  тұрақта тұрған көліктерден мемлекеттік нөмірлерді ұрлаудың 21 фактісі тіркеліп, оның 20 фактісі ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көрсетілген қылмыстарды жасағаны үшін үш адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

“Ашылған қылмыстарды талдау  қылмыстардың материалдық-пайдакүнемдік сипатқа ие екендігін көрсетеді, құқық бұзушы жәбірленушінің мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгісін алып кетіп, автокөлік иесіне алдын ала дайындалған есепшотына ақша салуды талап етіп, оның орнына ұрланған нөмірді жасырған жерін көрсететінін жазып хат қалдырады. Бұл құқық бұзушылық ҚР ҚК-нің 190-бабымен көзделген  қылмыс ретінде дәрежеленеді, өйткені қол сұғушылықтың мәні – автокөлік иелерінің құқық бұзушылардың есепшоттарына салатын ақшасы болып табылады, ал мемлекеттік белгілердің өзі қылмыстық қол сұғушылықтың объектісі ретінде қарастырылмайды, өйткені олар мемлекетке тиесілі және азаматтарға, автокөлік иелеріне уақытша пайдалануға беріледі”, – деді  Алматы қаласының ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы  Еркін Іңкәров.

777, GGG және т.б. сияқты ресми түрде бірдей әріптік белгілермен немесе сандар тізбегімен орналастырылған, ақылы негізде сатып алынып, тіркелген мемлекеттік тіркеу белгілерін ұрлау басқаша сараланады.

“Мұндай қылмыстар ҚР ҚК-нің 188- бабы 1-бөлігі, яғни бөтеннің мүлкін ұрлау ретінде танылады, мұндай ұрлықтың жыл басынан бері бір фактісі тіркелген. Күдікті анықталды. Сонымен қатар біз азаматтарды қаскүнемдердің жетегіне ермеуге және дереу “102”  пультіне хабар беруге шақырамыз” – деді Еркін Іңкәров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру