Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде карантин талаптарын бұза отырып, той өткізген мейрамханалар анықталды

Ақтөбелік полицейлер карантин талаптарын бұза отырып, той ұйымдастырған мейрамханаларды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

17 қазанда рейдтік іс-шаралар өткізу  кезінде учаскелік полиция инспекторларына Заречный-2  ауданында орналасқан мейрамханалардың бірінде карантин талаптарын бұза отырып, той өткізіліп жтқаны туралы ақпарат келіп түскен.

Ақпаратты тексеру кезінде аталған мейрамханада 60 адамға арналған үйлену тойы өткізіліп жатқаны анықталды.

Мейрамхананың күзетшісі учаскелік полиция инспекторларының заңды талаптарына бағынбай, нәтижесінде  ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабы (Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы қызметкерінің  (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының заңды өкіміне немесе талабына бағынбау)  бойынша ұсталды.

Мейрамхана иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі (Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша материал жиналып, шешім қабылдау үшін  Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бөліміне жолданды.

Осыған ұқсас тағы бір факт 18 қазанда анықталды. Өткізілген рейд барысында сол аудандағы мейрамханалардың бірінде 60 адамға арналған той өткізу фактісі анықталды.

Карантиндік шектеу талаптарын бұзып, той ұйымдастырған мейрамхана иесіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі (Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтерді бұзу) бойынша материал жиналып, шешім қабылдау үшін  Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау бөліміне жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру