Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде “Газель” ұрлаған күдікті ұсталды

Ақтөбе облысында мас күйінде бөтен біреудің “Газель” автокөлігін айдап әкеткен жүргізуші ұсталды, – деп  хабарлайды Polisia.kz.

17 қазанда белгісіз тұлғалар Хромтау қаласының Лахно көшесіндегі үйдің ауласынан құлыпты бұзу арқылы  Хромтау қаласының 26 жастағы  тұрғынына тиесілі «Газель» автокөлігін ұрлап әкеткен.

Шығын көлемі 2 млн. теңгені құрады.

Жәбірленуші бірден полиция бөліміне жүгінген.

Полицейлер бейнебақылау камераларының көмегімен ұрланған көліктің бағытын анықтап, қабылданған іс-шаралар нәтижесінде «ізін суытпай» гараждардың маңында  Хромтау қаласының бұрын бірнеше рет сотталған 27 жастағы тұрғынын ұстады.

Ұсталған азамат “орташа” дәрежедегі алкогольдік мас күйінде болған.

Аталған факт бойынша ҚР ҚК-нің 200-бабының 1-бөлігі (Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз құқыққа сыйымсыз иеленіп алу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру