Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

21-23 қазан аралығында Қарағанды облысының аумағында “Автобус” жедел – алдын алу іс-шарасы өткізіледі

2020 жылғы 21-23 қазан аралығында Қарағанды облысының аумағында “Автобус” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шараның басты мақсаты –  автомобиль жолдарында жолаушылар мен багажды тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көлік тәртібін арттыру, сондай-ақ өз қызметін тіркеусіз жүзеге асыратын тұлғаларға қатысты бақылауды жетілдіру болып табылады.

Жедел – алдын алу іс-шарасы кезінде облыс жолдарында полиция жасақтарының саны артады, тәртіп сақшылары еріктілердің, жұртшылық пен БАҚ өкілдерінің қатысуымен рейдтер өткізеді, тек автобус жүргізушілеріне ғана емес, жол қозғалысына қатысушылардың барлығына да бақылау күшейтіледі.

Сонымен қатар ішкі істер органдарының қызметкерлері көлік құралдарының техникалық жай-күйі мен конструкциясының қауіпсіздік талаптарына сәйкестігін бақылайды, конструкцияның тіркелмеген өзгерістерін анықтайды, техникалық байқаудан уақтылы өтуін және балалар топтарын автобустармен ұйымдастырылған тасымалдау қағидаларының сақталуын тексереді.

Естеріңізге сала кетсек, наурыз айында өткізілген “Автобус” жедел-алдын алу іс-шарасы барысында жол қозғалысы ережелерін бұзудың 734 фактісі анықталған болатын.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру