Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе полицейлері сақтық шараларын қабылдау қажеттілігі туралы ескертеді

Ақтөбелік тәртіп сақшылары велосипед ұрлаған азаматты қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz. 

8 қазанда Рысқұлов көшесіндегі үйдің баспалдақ алаңынан «Феликс» маркалы велосипед ұрланған.

Жәбірленушіге  келтірілген шығын 70 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полиция қызметкерлері осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен  Ақтөбе қаласының 41 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті велосипедті ұрлап, Қарғалы ауылының 46 жастағы тұрғынына сатып жіберген.

Жауап қалдыру