Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент полицейлері еріктілердің пәтер ұрлықтарына қатысы бар деген ақпаратты тексеруде

Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлері WhatsApp мессенджері мен әлеуметтік желілерде тарап жатқан бетперде таратқан еріктілер пәтерлерге ұрлыққа түсуде деген ақпаратты тексеріп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаменті бастығының орынбасары Серік Ергешов мұндай жағдайлардың қала аумағында тіркелмегені туралы ресми түрде мәлімдеді.

Сондай-ақ қазіргі таңда учаскелік полиция инспекторлары жүргізіп жатқан профилактикалық шаралардың нәтижесінде қылмыс жасау көрсеткіші 64 пайызға азайғанын хабарлады.

Шымкенттік полицейлер жалған ақпарат таратқандар ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы (Көрінеу жалған ақпарат тарату) бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылатынын ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру