Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте карантин талабын елемей туған күн тойлаған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Еңбекші ауданы Полиция басқармасының қызметкерлері карантин талаптарының сақталуы бойынша қоғамдық тамақтану орындарына рейдтік шаралар өткізуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

19 қазан күні рейдтік іс-шаралар барысында шамамен түнгі сағат 23:50-де Т.Рысқұлов және Жібек жолы көшелерінің қиылысында орналасқан “Маэстро” мейрамханасының жұмыс істеп жатқаны анықталды.

Мейрамханада туған күн кеші ұйымдастырылған. Бұл факт бойынша кәсіпкерлік нысанның әкімшісінен түсініктеме алынып, әкімшілік құқық бұзушылық бойынша шешім қабылдау үшін жинақталған материалдар Еңбекші ауданы Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру