Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицейлер ұялы телефон ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

Түркістан облысының полицейлері танысының ұялы телефонын ұрлаған күдіктіні құрықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісай ауданының ПБ кезекші бөліміне  шаштараз болып жұмыс істейтін жергілікті тұрғын жұмыс орнына танысының келіп, қоңырау шалу үшін ұялы телефонын алдап сұрап алып, қайтармай қойғаны туралы шағымданған.

Жәбірленушіге келтірілген шығын көлемі 100 мың теңгені құрады.

Өткізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары күдіктінің тұрғылықты мекен-жайын анықтап, тәулік ішінде қолға түсірді.

Ол ұялы телефонды сатып, ақшасын өз қажеттіліктеріне жұмсауды жоспарлаған. Ұялы телефон тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру