Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында браконьерлер УҰИ-ға қамауға алынды

Ақтөбе облысында браконьерлер УҰИ-ға қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz

25 қазанда Қобда және Байғанин аудандарының аумағында облыс полициясының қызметкерлері «Браконьер» жедел-профилактикалық шарасын өткізді.

Тексеру кезінде Ваз-21140, УАЗ және Toyota Camry автокөліктерінің салонынан 27 ақбөкен ұшасы табылды. Сонымен қатар Toyota Land Cruiser автокөлігін тексеру кезінде полицейлер 12 калибрлі Вурсан мылтығын, 12 калибрлі ИЖ-27Е мылтығын және пышақтарды тауып тәркіледі. Барлық алынған заттай дәлелдемелер бойынша тиісті сараптамалар тағайындалды.

Барлық фактілер бойынша ҚК-нің 337-бабы 4-бөлігі және 339-бабы 1-1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Жиналған дәлелдемелер жиынтығымен ұсталған бес адам ҚР ҚПК-нің 128-бабының тәртібімен уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру