Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО полицейлері ішкі істер органдарына қызметке шақырады

Солтүстік Қазақстан облысының полицейлері
ішкі істер органдарына қызметке шақырады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел қызметкерлер, патрульдік полицейлер, учаскелік инспекторлар – полициядағы қызметтің осы бағытына қылмысқа қарсы тұра алатын, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қорғауға, сақтауға дайын батыл да әрі адал азаматтар қажет. Полиция қызметі – өзін өмірде көрсеткісі келетін әрбір адам үшін лайықты қызмет саласы. Мысалы, Солтүстік Қазақстан облысында биылғы жылдың қаңтарынан бастағанның өзінде патрульдік полиция батальонының қызметкерлері мен учаскелік инспекторлар түрлі жағдайда көмек көрсеткендері үшін көптеген адамдардың ризашылығына бөленді. Үш солтүстікқазақстандық полицей мемлекеттік наградаға ие болды. Бүгінгі таңда СҚО-да 9 қызметкер “Ерлігі үшін” медалімен марапатталды, оның үшеуі патрульдік полиция қатарында қызмет атқарады.

– Полиция қатарында қызмет етсеңіз тұрақты әрі уақытында жалақы аласыз. Ведомстволық емдеу мекемелерінде медициналық қызмет көрсетіледі, 48 жаста зейнетке шығу мүмкіндігіне ие боласыз. Болашақ полицейлерді оқыту жұмыс берушімен жүзеге асырылады. Жұмысқа тұрамын деп ниет білдіргендерге қойылатын талап: жасы 35 жастан аспауы қажет, бойы 170 см-ден төмен болмауы керек, денсаулығы жарамды болуы тиіс. Дене бітімі жақсы дамыған, шыдамды, стресске төзімді, білімін толықтырып отыратын үміткерлерге басымдылық беріледі, – дейді СҚО Полиция департаменті Кадр саясаты басқармасының бастығы Абылғазы Ғабдуллин.

Үміткерлерге қойылатын талаптар туралы толық ақпарат алу үшін Петропавл қаласы, Алматы көшесі, 55 мекенжайына жүгіну қажет немесе 8 (7152) 61-26-12, 8 (7152) 61-26-42, 8 (7152) 61-26-39, 8 (7152) 61-26-57, 8 (7152) 61-26-60, 8 (7152) 61-26-40, 8 (7152) 61-26-53, факс 8 (7152) 61-26-66 телефондары арқылы және де облыстағы аудандардағы аумақтық полиция бөлімдерінен алуға болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру