Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Браконьер” ЖПІШ: Қызылорда облысында 44 құқық бұзушылық анықталды

Қызылорда облысында “Браконьер” ЖПІШ барысында 44 құқық бұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Облыс көлемінде “Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Жүргізілген рейдтік іс-шаралар барысында 44 құқық бұзушылық анықталды. ҚР ӘҚБтК-нің 382-бабы бойынша 30 дерек анықталды. Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабының 1,2,3,4-бөліктері бойынша 7 факт тіркелді.

Сырдария ауданында бір заңсыз аңшылық дерегі анықталды. Сараптамалар тағайындалып, ҚР Қылмыстық кодексінің 337-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Рейд кезінде облыс тұрғындарынан ІІО-да тіркелмеген 4 аңшы мылтығы анықталып тәркіленді. Анықталған деректер бойынша ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабының 1-бөлігімен құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылып, материалдар сотқа жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру