Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында екі көлік соқтығысты

Ақтөбе облысында екі көлік соқтығысты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысында 7 шілде күні сағат 23:40 шамасында Toyota Ipsum автокөлігінің 55 жастағы жүргізушісі Байғанин ауданы Қарауылкелді ауылы жағынан Жарқамыс кенті бағытында келе жатып, қарсы қозғалыс жолағына шығып кетіп, УАЗ автокөлігімен соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан Toyota Ipsum автокөлігінің екі жолаушысы Байғанин ауданының орталық ауруханасына жеткізілді.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті барлық жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауға шақырады, бұл жол-көлік оқиғаларының алдын алуға көмектеседі. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру