Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында мал ұрылары ұсталды

Ақтөбе облысында мал ұрылары ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мал ұрлығының алдын алу бойынша жүргізілген іс-шаралар барысында Хромтау ауданында полиция қызметкерлері жергілікті тұрғындардың көмегімен кезекті барымташыларды ұстады.

Ауылдық округтерде жергілікті тұрғындармен бірге полиция бекеттері қойылды, олар Тамды ауылының шетінде Ваз-21150 автокөлігін көрді. Автокөлік жүргізушісі жылдамдықты шамадан тыс асырып, «Самара-Шымкент» автожолымен облыс орталығына қарай бет алған. Учаскелік полиция инспекторлары радиостанция арқылы патрульдік полиция ротасының жасақтарымен байланысқа шығып, көліктің соңына түскен. Көліктің тоқтатқан уақытта ішінде үш ер адам болған, полиция қызметкерлері жүксалғыштан ірі қара малдың кесілген ұшасын тапты.

Күдіктілер ірі қара малды Хромтау ауданы Тамды ауылынан 1 шақырым жерде еркін жайылымнан ұрлап кеткенін айтты.

ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі 2-бөлігі (Мал ұрлығы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті мал иелеріне ескертеді!

Малды қараусыз қалдырмаңыз, ірі қара малдарға таңба қойыңыз! Қоршалған аймақтарда мал жаюды ұйымдастырыңыз, жалдамалы мал бағушылардың қызметін пайдаланыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру