Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында полицейлер шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған 25 адамды бас бостандығынан айыру орындарына қайтарды

Ақтөбе облысында полицейлер шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған 25 адамды бас бостандығынан айыру орындарына қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысының учаскелік полиция инспекторлары жыл басынан бері “Есеп” және “Есеп элементі”, “Тұрмыс”, “Құқықтық тәртіп”, “Учаске” сияқты жедел-алдын алу іс-шараларын, сондай-ақ рейдтік іс-шараларды өткізді.

Қабылданған шаралардың арқасында ағымдағы жылы бес айдың қорытындысы бойынша облыс аумағында жасаған қылмыстардың 21,6%-ға төмендегені байқалады.

Бостандыққа шыққаннан кейін түзелу жолына түспеген және қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзуды жалғастырған шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған 25 адам бас бостандығынан айыру орындарына қайтарылды.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖД пробация қызметімен бірлескен жұмыс нәтижесінде қоғамдық тәртіпті жүйелі түрде бұзған есепте тұрған 75 адамға қатысты шартты жазаны бас бостандығынан айыруға ауыстыру жүзеге асырылды, ал сотталған төрт адамның сынақ мерзімі ұзартылды.

– Полиция департаменті ҚАЖД және жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасымен бірлесіп бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру, оларды жаңа мамандықтарға қайта оқыту мәселелерін шешу бойынша шаралар қабылдауда.
Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдарына жұмысқа орналасуға жәрдемдесу үшін тұратын мекен – жайы бар бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдардың тізімі жіберіледі, – дейді ЖПҚБ бастығының орынбасары Амантурлы Такешев.

“Атамекен” республикалық кәсіпкерлер палатасының қатысуымен бос орындар жәрмеңкесі, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыруға және қайта оқытуға жәрдемдесу бойынша түрлі акциялар үнемі өткізіліп тұрады.

Ағымдағы жылдың мамыр айында 217 адам жұмысқа орналастырылды, жаңа мамандықтарға қысқа мерзімді оқытылуға екі адам жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру