Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында синтетикалық есірткі сақтаған шетелдік азамат сотталды

Ақтөбе облысында Ресей азаматшасы синтетикалық есірткі сақтағаны үшін 3 жылға сотталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Наурыз айында жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Ақтөбе станциясындағы желілік полиция бөлімінің қызметкерлері есірткі заттарын заңсыз сақтады деген күдікпен Ресей Федерациясының 32 жастағы азаматшасын анықтап, ұстады.

Көліктегі полиция департаментінің бастығы Бақытжан Малыбаев атап өткендей, тінту барысында шетелдік азаматшадан жалпы салмағы 2,97 грамм болатын мефедрон синтетикалық есірткі заты табылып, тәркіленді. Ұсталған кезде әйел кісі есірткіні жеке өзі тұтыну үшін Telegram-канал арқылы сатып алғанын айтты.

– Аталған факті бойынша көлік полицейлері сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізді. Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Ресей Федерациясының азаматшасы 3 жылға бас бостандығынан айырылды, – деді Малыбаев.

Естеріңізге сала кетейік, жыл басынан бері Көліктегі ПД қызметкерлері 159 есірткі құқық бұзушылығын анықтады, оның ішінде 5 өткізу фактісі, 11 аса ірі көлемдегі сақтау фактісі тіркелген. Заңсыз айналымнан 31 келіден астам түрлі есірткі тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру