Ақтөбе облысында табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 172 фактісі анықталды
Ақтөбе облысында табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 172 фактісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Ақтөбе облысында браконьерлікті, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында 20 қазан мен 19 қараша аралығында облыс аумағында «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шара басталғаннан бері мобильді топтар табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 172 фактісін анықтады. Оның ішінде 73-і жануарлар дүниесін пайдалану талаптары мен аң аулау ережелерін бұзу, 59-ы балық аулау және балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау ережелерін бұзу, 20-ы азаматтық және қызметтік қаруды, оның патрондарын сатып алу, сақтау, пайдалану немесе тасымалдау ережелерін бұзу.
Аталған кезеңде 7 қылмыстық іс анықталып, қозғалды. Сондай-ақ ЖПІШ кезеңінде 29 ақбөкен ұшасы, 176 келі заңсыз ауланған балық, екі резеңке қайық және 1000 метр пайдалануға тыйым салынған балық аулау торлары тәркіленді.