Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жетісу полициясы 3 ай бойы іздеуде жүрген қызды тапты

Жетісу полициясы 3 ай бойы іздеуде жүрген қызды тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz

Тамыз айының басында Ескелді ауданының полиция бөліміне үйден шығып кеткен 22 жастағы қызын іздеуге көмек сұраған Бақтыбай ауылының тұрғыны жүгінді. Жақында көші-қон қызметінің қызметкерлері іздеушілермен бірлесіп, қыздың жүрген жерін анықтай алды.

Қыз көршілес Алматы облысының аудандарының бірінен табылды. Қазір оның неліктен үйінен кетіп, ата-анасымен хабарласпағаны анықталып жатыр.

– Қыз бала ата-анасымен қауышты. Қазір үйінде, –  деп хабарлады Ескелді ауданының полиция бөлімі.

Қызымен қайта қауышқан бақытты ана тәртіп сақшыларына өзінің алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру