Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 172 фактісі анықталды

Ақтөбе облысында табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 172 фактісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Ақтөбе облысында браконьерлікті, биологиялық ресурстар объектілерінің заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу мақсатында  20 қазан мен 19 қараша аралығында облыс аумағында “Браконьер” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шара басталғаннан бері мобильді топтар табиғат қорғау заңнамасын бұзудың 172 фактісін анықтады. Оның ішінде 73-і жануарлар дүниесін пайдалану талаптары мен аң аулау ережелерін бұзу, 59-ы балық аулау және балық ресурстарын және басқа да су жануарларын қорғау ережелерін бұзу, 20-ы азаматтық және қызметтік қаруды, оның патрондарын сатып алу, сақтау, пайдалану немесе тасымалдау ережелерін бұзу.

Аталған кезеңде 7 қылмыстық іс анықталып, қозғалды. Сондай-ақ ЖПІШ кезеңінде 29 ақбөкен ұшасы, 176 келі заңсыз ауланған балық, екі резеңке қайық және 1000 метр пайдалануға тыйым салынған балық аулау торлары тәркіленді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру