Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда полицейлерге арналған семинар-тренинг өтті

Павлодарда полицейлерге арналған семинар-тренинг өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының алдын алу және оларға көмек көрсету саласындағы өзара іс-қимыл туралы меморандумды орындау шеңберінде Полиция департаментінде учаскелік полиция инспекторлары мен Павлодар облысы ПД әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімшелерінің қызметкерлері үшін семинар-тренинг өткізілді.

Семинарға психологтар мен әлеуметтанушылар: Леся Бикетова, Айнаш Ильясова, Валентина Бахтина және Жанарыс Хызыр қатысты.Семинар-тренинг барысында отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлі аспектілері қамтылды. Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың әртүрлі түрлерін анықтау бойынша оқыту сабақтары өткізілді. Жәбірленушілермен және агрессорлармен жұмыс істеу әдістері түсіндірілді.

Сондай-ақ отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарымен және олардың агрессорларымен тиімді қарым-қатынас жасау дағдылары пысықталды. Айта кету керек, аталған семинар-тренингті Қазақстан Республикасы ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының докторанты Бектас Сабирдинов әзірледі.

Полицияда Павлодар облысының ПД-да сервистік полицияны енгізу жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру шеңберінде мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарының алдын алу және оларға көмек көрсету саласындағы өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойылғанын еске салды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру