Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында тұрғынның көлігінен тапанша табылды

Ақтөбе облысында тұрғынның көлігінен тапанша мен екі патрон табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz

20 шілдеде Ақтөбе қаласында полиция қызметкерлері 30 жастағы азаматтың басқаруындағы Mitsubishi Galant автокөлігін тоқтатты. Тексеру барысында жолаушылар орындығынан Стражник-18*45т травматикалық тапаншасы және екі патроны табылды.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігі (Қаруды, оқ-дәрілерді заңсыз сатып алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша тіркеліп сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Аталған қылмыс бойынша күдікті екі мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға, не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не алты жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға, не екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазалануы мүмкін. 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру