Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында айыппұл тұрағына 127 көлік қойылды

Павлодар облысында айыппұл тұрағына 127 көлік қойылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Кибер-шериф” кешендері Павлодар жолдарын патрульдеуде. Қазіргі уақытта облыста мемлекеттік тіркеу белгілерін тани отырып, жол қозғалысы ережелерін бұзатын жүргізушілерді тіркейтін және бейнеге жазатын, инспекторды одан әрі хабардар ете отырып, іздестіру базалары бойынша объектілерді автоматты түрде тексеретін осындай екі кешен жұмыс істейді.

– Толық автоматтандыру барлық деректерді серверге жылдам сақтауға, өңдеуге және жіберуге, бірнеше іздеу базаларымен жұмыс істеуге мүмкіндік береді. “Кибер-шериф” осы көлік құралының іздеуде екендігін лезде анықтауға мүмкіндік береді, ал бүйірлік камералар жаяу жүргіншілердің тұлғаларын сот пен тергеу органдарынан жасырынып жүрген адамдар базасымен автоматты түрде салыстыра отырып, оларды бірден таниды, – деп хабарлады Павлодар облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары Қуаныш Мұстафинов.

Айта кету керек, аталған аппараттық кешендер жұмысының нәтижесінде 5664 бұзушылық анықталды, олар бойынша жалпы сомасы 62 млн теңгеден астам айыппұл салынды. Көлік құралдары бойынша, оның ішінде шет мемлекеттерде тіркелгендер бойынша 5000-нан астам сәйкестік тіркелді.

Облыс бойынша түрлі бұзушылықтар үшін айыппұл тұрағына 127 көлік қойылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру