Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау облысында құжатсыз көлік басқарған 200-ден астам жүргізуші анықталды

Маңғыстау облысында құжатсыз көлік басқарған 200-ден астам жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер арасында көліктік тәртіпті жақсарту, сондай-ақ жол жүру ережесін бұзудың алдын алу бойынша профилактикалық және түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 19 шілде мен 18 тамыз аралығында Маңғыстау облысында “Қауіпсіз жол” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

ЖПІШ барысында жолдарда, әсіресе түнгі мезгілдерде патрульдік полиция қызметтері қарқынды жұмыстар атқаруда. Іс-шара басынан тәртіп сақшылары барлығы 5247 әкімшілік құқық бұзушылық анықтады.

Кез келген көлікті алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде жүргізу жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу болып саналады. Мас жүргізушілердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының салдары әрқашан жоғары ауырлығымен сипатталады. Бұл құқық бұзушылық үшін әкімшілік қамауға алу және 7 жылға дейін көлік құралын басқару құқығынан айыру қарастырылған. Атап айтқанда, ЖПІШ басталғалы ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабын бұзған, яғни көлікті мас күйінде басқарған 43 жүргізуші ұсталды. Құжатсыз көлік құралын басқарғаны үшін 238 жүргізуші анықталып, оларға хаттамалар жасақталды.Тексеру барысында автокөлік жүргізушілерінің қауіпсіздік белдігін қолданбауының 1326 фактісі тіркелді. Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонмен сөйлесу – ең жиі орын алатын құқық бұзушылық. ҚР ӘҚБтК-нің 591-бабын бұзғаны үшін 622 жүргізуші жауапқа тартылды.

Әрбір жүргізуші шартты рефлекстің түрін дамытуы керек: сары немесе қызыл бағдаршамды көргенде көлік жүргізуші еш ойланбастан тежегішті басу керек. Тыйым салынған бағдаршамнан өткен 114 жүргізушіге айыппұл салынды.

Талдау көрсеткендей, жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері – жылдамдықты арттыру, маневр жасау және басып озу ережелерін бұзу, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің жолға назарын аудармау.

Өткен аптада облыста адам шығынымен 2 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Екеуі де жүргізушінің қарсы қозғалыс жолағына шығып кеткендігінен орын алды. Шара басталғалы бері қарсы жолаққа шығып кеткен 7 жүргізушіге айыппұл салынды. Олар ҚР ӘҚБтК-нің 596-бабының 3-тармағы бойынша жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру