Ақтөбе облысында ұсақ бұзақылықтың 94 фактісі тіркелді
Ақтөбе облысында ұсақ бұзақылықтың 94 фактісі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жедел жағдайды сауықтыру, заңдылықты, құқықтық тәртіпті және қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдау, сондай-ақ төтенше жағдайдың салдарын жою мақсатында 16 қаңтардан бастап ерекше өкімге дейін Ақтөбе облысының аумағында «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде.
Жедел алдын алу іс-шараларын жүргізу кезінде қоғамдық орындарда қылмыстарды болдырмауға, кезекші тәуліктерде қылмыстарды «ізін суытпай» ашуға, сондай-ақ тыйым салынған заттарды заңсыз алып жүру мен сақтауды анықтауға ерекше назар аударылады.
Сонымен қатар, патрульдік полиция жасақтарының саны артып, жұмысы күшейтілді. Полиция қызметкерлері жалға берілетін пәтерлерді, қонақ үйлерді, хостелдерді және саяжай алаптарын тексеріп жатыр.
Іс-шараны өткізу кезеңінде полиция бөлімінің қызметкерлері бес атыс қаруын тауып, тәркіледі, оның ішінде төрт қару заңсыз айналымнан алынды (4 тегіс ұңғылы қару және бір травматикалық қару). Оқ-дәрілерді табу мен алудың екі фактісі (барлығы тегіс ұңғылы қарудың 10 оқ-дәрісі, травматикалық қарудың 4 оқ-дәрісі алынды).
ҚР-да тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұрудың 128, ұсақ бұзақылықтың 94, қоғамдық орындарда мас күйінде жүрудің 127 дерегі анықталды.