Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ
Қазақстан полициясына 30 жыл

Ақтөбе облысында жеңіл көлік пен фура соқтығысты: бір бүтін отбасы зардап шекті

Ақтөбе облысында жеңіл көлік пен фура соқтығысты, салдарынан бір бүтін отбасы зардап шекті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

28 маусымда Ырғыз ауданы Құмтоғай аулының жанындағы Самара – Шымкент автожолында Мersedes AMG автокөлігінің 55 жастағы жүргізушісі, Шымкент қаласының тұрғыны қарсы қозғалысқа арналған жолаққа шығып, DAF жүк автокөлігімен соқтығысқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан Мersedes AMG автокөлігінің жүргізушісі, әйелі мен кәмелетке толмаған үш баласы (2020, 2014, 2012 ж.т.) түрлі жарақаттармен медициналық мекемеге жатқызылды.

ЖКО фактісі бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру