Ақтөбе облысында жол апаты салдарынан 1 жасар бала зардап шекті
Ақтөбе облысында жол апаты салдарынан бала зардап шекті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 9 қарашасында сағат 00.45-те «Ембі-Қандыағаш» жергілікті маңызы бар автожолының 92 шақырымында Ембі қаласынан 5 шақырым жерде «Лада Ларгус» автокөлігі ойыққа қарай аударылып кеткен.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 2020 жылғы жолаушы қыз бала Ақтөбе қаласындағы балалар ауруханасына жеткізілді.
Жыл басынан бері облыс жолдарында балалардың қатысуымен 83 жол-көлік оқиғасы орын алып, төрт адам көз жұмып, 103 адам түрлі жарақат алды.
Қауіпсіздік белдіктерін бекіту қажет! Оның ішінде автокөлікке мінген уақытта, тіпті қысқа мерзімге шыққан болсаңыз да белдікті тағып жүріңіз. Егер бұл ережені ересектер орындаса, онда бала да әдетке айналдырады. Балалар арнайы креслоларда отыруы керек немесе артқы орындықтың ортасына, я болмаса оң жағына отыруы қажет. Жүргізуші немесе жолаушы ретінде сіз үлгі боласыз. Қозғалыстың басқа қатысушыларына агрессивті мінез-құлық танытпаңыз.