Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

БҰҰ ЕҚБ және ҚР ІІМ қауымдастыққа бағытталған полиция құру үшін бірлесіп жұмыс істеуде

БҰҰ ЕҚБ және ҚР ІІМ қауымдастыққа бағытталған полиция құру үшін бірлесіп жұмыс істеуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстандағы полицияны модернизация бойынша қол қойылған елдік жоспардың шеңберінде БҰҰ есірткі және қылмыс мәселері жөніндегі басқармасы және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі қоғамдастыққа бағытталған полиция қызметін құру үшін ішкі істер органдарының қызметкерлерінің әлеуетін арттыру бойынша бірлесіп жұмыс жасауда. Бұл қадамдар Қазақстанның ішкі істер жүйесін аясында қоғам мүддесі үшін полициялық қызмет көрсетуді жақсартуға бағытталған.

Қазақстан Президенті жуырдағы халыққа жолдауында полицияны жаңғыртуды басымдық деп атап өтті. 2021 жылдың тамыз айынан бастап БҰҰЕҚБ Ішкі істер министрлігі қызметкерлері үшін әлеуетті арттыру бойынша бірқатар семинарлар өткізді, олардың ең соңғысы тиімді және жан-жақты полиция қызметін құруға бағытталған.

2021 жыл 27-29 қазан аралығында Қазақстанның астанасы Нұр-Сұлтан қаласында “XXI ғасырдағы тиімді, жан-жақты және қоғамға бағытталған полиция қызметін құру” атты үш күндік семинар өтті. Полицияның модернизациясын қолдау мақсатында БҰҰЕҚБ ұйымдастырған семинарға ІІМ орталық аппаратының, Алматы, Қарағанды және Қостанай академияларының, Ақтөбе заң институтының, Павлодар және Шымкент оқу орталықтарының, АҚШ елшілігінің, БҰҰЕҚБ өкілдері, сондай-ақ халықаралық сарапшылар қатысты.

ҚР ІІМ Кадрлар саясаты басқармасының бастығы Ахан Нұрышев ішкі істер жүйесін жаңғырту 2019 жылы басталғанын атап өтті және бұл үдеріске елеулі үлес қосып отырған БҰҰЕҚБ-мен ынтымақтастықты құптады.

– Біздің қызметкерлер мен полиция академияларының оқытушыларының әлеуеті Қазақстандағы және шетелде БҰҰЕҚБ-ның түрлі оқу курстарына қатысу арқылы артып келеді, – деді Ахан Нұрышев.

Сарапшылар ішкі істер органдарында жеке құрамды дамытуда, оның ішінде тиімді, инклюзивті және жан-жақты кадрларды қалыптастыру және жұмыс орнындағы мәдениет пен кәсіби тәжірибені нығайту арқылы ең қолайлы шешімдерді табу жолдары туралы баяндамалар жасап өтті. Семинар сонымен қатар қатысушыларды қоғамдық негіздегі полиция қызметінде талап етілетін сенімге негізделген полиция дағдылары мен талдау дағдыларына үйретуге арналды.

ҚР ІІМ Қарағанды академиясы ғылыми зерттеу институты директорының орынбасары Евгений Пенчуков ішкі істер органдарында жүргізіліп жатқан жаңғыртуларға семинардың маңыздылығын атап өтті.

– Полицияны реформалау екі негізгі қағидатқа негізделуі керек: қызметкерлердің жеке және кәсіби қасиеттерін арттыру, сондай-ақ қызметтік процестердің сапасы мен тиімділігін арттыру. Осы екі ұстанымсыз полиция қызметінің ең озық және заманауи технологиялары мен үлгілерін енгізу мағынасыз болады, – деді Пенчуков.

Венди О’Брайен, БҰҰЕҚБ жобасының жетекшісі, БҰҰЕҚБ полицияны реформалауға көмектесу үшін ІІМ-мен тығыз серіктестікте жұмыс істегені үшін алғысын білдірді.

– Мұндай семинарлар офицерлерге дәлелді полиция қызметі туралы білімдерін тереңдету және осы озық тәжірибе қағидаттарын қоғам игілігі үшін Қазақстанда қалай қолдануға болатынын қарастыруға тамаша мүмкіндік береді, – деді Вэнди О’Брайен.

Қатысушылар мен сарапшылар қауымдастықпен өзара әрекеттесу кезінде қайталанатын мәселелердің түпкі себептерін шешуге дайын, заманауи қоғамдық полиция қызметін құрудағы талдау жұмыстары мен қоғамдастық кеңесінің маңызды рөлі туралы өз пікірлерімен бөлісті.

“Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарын реформалауға қолдау көрсету” бірлескен жобасы АҚШ Мемлекеттік департаментінің Халықаралық есірткі бизнесіне қарсы күрес және құқық қорғау органдары бюросының (INL) қаржылық қолдауымен жүзеге асырылуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру