Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО тұрғыны гаражда 1 келіден астам марихуана сақтаған

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының тұрғыны гаражда бір келіден астам марихуана сақтаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 01 қарашасында “Рефлекс” жедел-алдын алу іс-шарасын жүргізу барысында Шемонаиха ауданының ПБ қызметкерлерімен есірткі құралдарын заңсыз сақтау фактісі анықталды. Шемонаиха ауданы Первомайский кентінің 24 жастағы тұрғыны болып шыққан күдікті ұсталды.

ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев атап өткендей:

– Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында есірткі сақтайтын орында тінту жүргізу кезінде, атап айтқанда жігіттің гаражынан екі қағаз түйіншек пен ерекше иісі бар өсімдік тектес заты бар екі полимер пакет табылып, тәркіленді.

Сарапшының қорытындысына сәйкес, тәркіленген зат жалпы салмағы 1 221,6 граммды құрайтын кептірілген марихуана есірткі болып табылады.

Қаскөй бұл затты далада, Первомайский ауылының маңынан жеке пайдалану үшін жұлып алғанын айтты.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 4-бөлігі бойынша-өткізу мақсатынсыз есірткі құралдарымен, психотроптық заттармен, сол тектестермен заңсыз жұмыс істеу бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, оның санкциясында үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру