Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында жол ережесін бұзушылар бейнекамера арқылы анықталуда

Ақтөбе облысы аумағында "Абайлаңыз, жаяу жүргінші"  республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету және жаяу жүргіншілердің өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында полиция бейнебақылау камераларын белсенді пайдаланып келеді.

Облыс орталығында орнатылған заманауи камералар арқылы жүргізушілердің жаяу жүргіншілерге жол бермеуі және жаяу жүргіншілердің жол қозғалысы ережелерін бұзу жағдайлары анықталуда. Қазіргі таңда мұндай құқық бұзушылықтарға қатысты тиісті шаралар қабылданып жатыр.

Полиция барлық жүргізуші мен жаяу жүргіншілерді жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Жолды рұқсат етілмеген жерден кесіп өту немесе жаяу жүргіншіге жол бермеу – қарапайым ғана ереже бұзу емес. Мұндай әрекеттер адам өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіреді.

Жолдағы қауіпсіздік – әрқайсымыздың ортақ міндетіміз!

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру