Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан зейнеткер қаза тапты

Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан зейнеткер қаза тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz

Осы жылдың 17 қазанында Nissan X-TRAIL автомашинасының жүргізушісі, 28 жастағы азаматша Байғанин ауданы Жарлы аулынан 2 шақырым жердегі Ақтөбе – Астрахань автожолында автокөлікті жолдың жиегіне аударып алған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан жүргізуші мен 69 жастағы жолаушы әйел Байғанин ауданының орталық ауруханасына жатқызылды, онда зейнеткер алған жарақатынан қайтыс болды.

ҚР ҚК-нің 345-бабы 3-бөлігі (Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеп- тексеру басталды. Ақтөбе облысы Полиция департаменті жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру