Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да пәтер ұрлықтарының саны төрттен бірге төмендеді

СҚО-да пәтер ұрлықтарының саны төрттен бірге төмендеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

СҚО полицейлері тұрғын үйлердің WhatsApp-тағы чаттарына пәтерлерді пульттік күзетудің тиімділігі туралы хабарламалар таратуда.

Күзет қызметін бақылау бөлімінің бастығы Руслан Даньяровтың айтуынша, адамдардың басым бөлігі тұрғын үйді қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау тәсілдері туралы біле бермейді. Облыста бұндай қызметтерді 14 жеке күзет құрылымы көрсетеді. Олар қызметтерін қол жетімді етуге тырысады, көбі пәтерлерді белгілі бір мерзімге күзетке алуға дайын, мәселен еңбек демалысы кезеңіне. Пәтер ұрлығынан сақтанудың заманауи мүмкіндіктері туралы халыққа жеткізу үшін полицейлер Петропавл қаласындағы тұрғын үйлердің чат әкімшілеріне хабарлама таратуда.

– Пәтер ұрлығының санын азайту – СҚО Полиция департаментінің 2021-2023 жылдарға арналған мүлікті қорғау жөніндегі бағдарламасының маңызды бағыттарының бірі. Оны жүзеге асыру шеңберінде халықпен аталған ақпараттық жұмыс жүргізіледі. Қазіргі уақытта облыста 1173 пәтер мен үй күзетілуде, олардың 1151-і орталықтандырылған бақылау пультіне қосылған. Аталған объектілерде бірде-бір пәтер ұрлығы тіркелген жоқ, – деді Руслан Даньяров.

Криминалдық полиция қызметкерлері СҚО-да пәтер ұрлығының төмендегенін атап өтті. 9 айдың ішінде осындай 290 қылмыс тіркелген, оның ішінде ауыр санаттағы (заңсыз кірумен байланысты) – 84. Өткен жылдың ұқсас кезеңінде 391 пәтер ұрлығы тіркелді, оның ішіндегі 91-і ауыр санатқа жатады. Ұрлықтың төмендеуі – 25,8 %, пәтер ұрлықтарының ашылуы – 79,3 % құрады.

Полицейлер мүмкіндігінше кәсіби күзетшілердің қызметін пайдалануға, көппәтерлі үйлердің кіреберістері мен аулаларда бейнебақылау камераларын орнатуға, мықты құлыптарды пайдалануға, бірінші қабаттағы тұрғындарға – терезелерге темір торларды орнатуға кеңес береді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру